ҚУАТТЫЛЫҚ
Ішкі қарсылықты өшіріңіз, жағдайларды ризашылықпен қабылдаңыз. Сырттан келген пікірді тыңдауды доғарыңыз. Саналы өміріңізді бастаңыз. Ол үшін өз бетінше шешім қабылдап, сәтсіздіктерді түзеп, жетістіктерге шын жүректен қуану керек. Сіздің ішкі дауысыңыз қарама-қайшы болуы мүмкін, бірақ дене ешқашан өтірік айтпайды. Егер сіз өзіңізді жақсы сезінсеңіз, дене босаңсиды, жайсыз сезінсеңіз, онда бір қысым пайда болады. Осы қағида бойынша сіз өзіңіз үшін ең жақсы шешімдерді қабылдай аласыз.
Түс бойынша талдау:
Сізде үлкен әлеует бар, өзіңізді және айналаңыздағы барлық нәрсені өзгертуге дайынсыз, тек өз-өзіңізді бағалаудың төмендігі кедергі туғызады. Кейбір жағдайларда сіз өзіңіз туралы басқалардан естуге қорқатын нәрсені айтасыз, былайша айтқанда, «басқа біреудің аузынан емес, мен өзімді төмендеткенім жақсырақ» деген қағида бойынша олардан бұрын айтып қоясыз. Өзіңіз туралы жаман айтпаңыз. Күн сайын белгілі бір нәрсе үшін өзіңізді мақтаңыз. Сіз ескіні қайғырып еске алатын адам қатарынан емессіз, керісінше өткенді ұмытуға деген ұмтылысыңыз бар. Мінезіңіздің мықтылығы кейде сізге қарсы жұмыс істейді, егер сіз оны дұрыс бағытқа жұмсасаңыз, онда сіз қазір тіпті күтпеген нәрсеге қол жеткізе аласыз. Бәрі де өз қолыңызда.
Тәжірибе бөлімі:
Сізге кім және қандай сәттерде кеңес беретінін бақылай бастаңыз. Өзіңізге сұрақтар қойыңыз: сізге кеңестер керек пе және олар неге әкеледі, егер шешімді өзіңіз қабылдасаңыз не болады? Алғашқы саналы шешіміңізді қабылдаңыз және өзіңізді марапаттаңыз (өзіңізді қуантатын сыйлық сатып алыңыз).

МОЩНОСТЬ
Отключите внутреннее сопротивление, примите обстоятельства с благодарностью. Перестаньте слушать мнения со стороны. Начните свою осознанную жизнь. Для этого необходимо принимать свои решения и корректировать неудачи, а удачам искренне радоваться. Ваш внутренний голос может быть противоречивым, но тело никогда не врёт. Если вам хорошо, тело расслабляется, если вам некомфортно, то вы почувствуете напряжение. По этому принципу вы можете самостоятельно принимать лучшие решения для себя.
Расклад по цвету:
У вас большой потенциал и готовность менять себя и всё вокруг себя, помехой является заниженная самооценка. В некоторых случаях вы сами про себя говорите то, чего боитесь услышать от других, так сказать, опережая их по принципу «уж лучше я себя обесценю, чем кто-то другой». Не говорите о себе плохо. Ежедневно хвалите себя за что-то конкретное. Вы человек без ностальгической встройки, скорее есть желание забыть прошлое. Сила характера порой работает против вас, если направить его в нужное направление, то вы сможете достичь того, о чем сейчас не предполагаете. Всё в ваших руках.
Практическая часть:
Начните примечать кто и в какие моменты даёт вам советы. Задайтесь вопросами: нужны ли вам советы и к чему они приводят, что будет, если вы сами примите решение. Примите своё первое осознанное решение и поощрите себя (купите себе приятность).
Made on
Tilda