Көп ойлау адам тәнінің өзегіне еніп, тың идеяларды кеміреді және өз өмірінің тығырыққа тірелуіне итермелейді. Ғалам мен болмыстың сұрақтарына жауап іздеп, қаншалықты тереңірек білуге ұмтылған сайын және өзіңізді қазбалаған сайын, соншалықты адамның жеке қасіреті, жалғыздық пен түкке тұрғысыздық сезімінен жаралану тереңірек бола түседі. Мұндай күйде жаман ойлар пайда бола бастайды, ал адам көп ойлауын қоймайынша, позитив оның бойынан жоғалып кетеді. Жауаптар әдетте үстіртін жатады, сіз өз сауалыңызды Ғаламға қойған сәтте-ақ, ол бірден жан-жақтан жауап бере бастайды.